Пятница, 03.05.2024, 07:41
Приветствую Вас Гость | RSS

Бастобинский сервисно-технический колледж

Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 27
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Работа с родителями

Досмагулова Торгын Калдыбековна: педагог - психолог.

 

Туған күні мен жылы: 09.03.1977.                           Ұлты: қазақ.

Педагогикалық стажы: 4жыл.

Атқарып отырған лауазымы бойынша  еңбек стажы: 2жыл.

Аталған білім беру  ұйымындағы еңбек стажы: 2 жыл.

Білімі: Алматы қаласындағы Абай атындағы Қаз ҰПУ, педагогика және психология факултетін 2007 жылы бітірген.

 

Кәсіптік лицейдегі психологиялық қызметтің мақсаты:

 

Мектептегі психологиялық қызметтің басты мақсаты – дамудың және оқу – тәрбие процесінің әлеуметтік жағдайын ғылыми психологиялық қамтамасыз ету, яғни білім беру процесіндегі барлық қатысушылардың денсаулығын сақтауға арналған психологиялық жағдайларды қамтамасыз ете алатын, тұлғаны дамыту мен тәрбиелеудің осы күнгі психологиялық – педагогикалық теориялары негізінде осы процесті ұйымдастыру, құру және жүргізу.

 

Қызметтің негізгі мәселелеріне кіретіндер:

 

-         әрбір жас кезеңінде балалардың тұлғалық интеллектуалдық дамуына қолдау көрсету, олардың бойында өзін анықтау және өзін жетілдіру қабілеттерін қалыптастыру;

-         білім беру мекемелерінде әлеуметтік – психологиялық климаттың үйлесімделуіне қолдау көрсету;

-         білім беру бағдарламаларын олардың мазмұны мен игеру тәсілдерін оқушылардың, тәрбиелеушілердің интелектуалды және тұлғалық мүмкіндіктеріне бейімдеу мақсатында психологиялық қамтамасыз ету;

-         Білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік жағдайды психологиялық талдау, негізгі мәселелерді айқындау және олардың туындау себептерін, шешілу жолдары мен құралдарын анықтау;

-         балалардың, жеткеншектер мен жастардың дамуындағы ауытқулардың алдын алу және жеңе білу;

-         мамандардың кәсіби іс - әрекетіне, білім беру бағдарламалары мен жобаларына, оқу - әдістемелік құралдарға психологиялық сараптама;

-         үздіксіз білім беру процесінде бір сатыдан екінші сатыға ауысу кезіндегі психологиялық – педагогикалық жағдайларды әзірлеу және жасау;

-         білім беру тәжірибесіне психологиялық ғылымның жетістіктерін енгізу мен оларды таратуға қолдау көрсету;

-         білім беру жүйесі мамандарының іс-әрекетін ғылыми - әдістемелік қамтамасыз ету.

 

Жұмыстың негізгі бағыттары:

 

1.     Психологиялық  диагностика –

Мақсаты: Тұлғаның жеке және жас ерекшеліктерін, сондай – тұлғааралық өзара әрекет ерекшеліктерін де зерттеу.

2.     Психологиялық профилактика –

Мақсаты: Тұлғаның психикалық және тұлғалық дамуында кездесетін сәтсіздіктерге ескерту жасау.

3.     Психотүзету (психокоррекция) және дамыту –

Мақсаты: Оқушының психикалық және тұлғалық дамуындағы ауытқуларды болдырмау, жалпы оқу дағдысымен біліктілік дамыту.

4.     Психологиялық консультация (кеңес) жүргізу, кәсіби кеңес (консультация) жүргізу –

Мақсаты: Педагогикалық үрдістердегі қатысушыларға мәселелерді шешуге көмек көрсету.

5.     Психологиялық білімді көтеру –

Мақсаты: Педагогикалық үрдістерге қатысушылардың психологиялық мәдениетін көтеру.

Психологтың жұмыс бөліктері:

-         оқушылармен жұмысы;

-         оқытушылармен жұмысы;

-         ата –аналармен жұмысы;

-         әкімшілікпен жұмысы.


/psikholog.doc

Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Май 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
Архив записей

Copyright MyCorp © 2024
Создать бесплатный сайт с uCoz