Четверг, 12.12.2024, 01:09
Приветствую Вас Гость | RSS

Бастобинский сервисно-технический колледж

Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 29
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0

Летопись учебного заведения Профессиональный лицей № 16

МЕКТЕП ТАРИХЫ ЖӨНІНДЕГІ МӘЛІМЕТ.
 Қазақ ССР Министрлер кеңесінің шешімімен 1983 жылы 01 сәуірде Қазақ ССР-ның Кәсіптік техникалық білім беру Мемлекеттік комитетінің № 123 Р бұйрығы бойынша М.Горький атындағы мектептің ескі ғимаратын № 134 Үштөбе орта ауыл шаруашылық кәсіптік техникалық училищеге берілді.
 Қазақ ССР Мемлекеттік кәсіптік білім беру министрлігінің 13.08.1984 № 220 бұйрығымен Үщтөбе қаласының № 17 орта кәсіптік техникалық училище болып өзгертілді .
 Қазақ ССР мемлекеттік ауыл шаруашылығының оқу орындары және жоғарғы кадрлар басқармасының 10.08.1990 жылғы № 3 бұйрығымен Үштөбе кәсіптік техникалық училище № 17 болып өзгерді.
Талдықорған облыстық білім басқармасының бастығының 11.07.0996 жылғы № 114 бұйрығымен №16 Үштөбе кәсіптік техникалық мектеп болып өзгерді.
Осы басқарманың 25.01.1999 жылғы № 1 – 16 / 41 бұйрығы бойынша Ленин жолы ауылы № 16 Кәсіптік техникалық мектеп болып өзгертілді. Алматы облысы Әкімінің № 8-212 14 тамыз 2002 жылғы шешімі бойыннша Ленин жолы ауылындағы № 16 Кәсіптік техникалық мектеп Ленин жолы ауылындағы № 16 Кәсіптік мектеп болып ауыстырылсын.
 Алматы облысының Әкімінің 30 қазан 2002 жылғы №10/269 шешімі бойынша және Алматы облыстық білім департаментінің 15.01.2003 жылғы № 6 бұйрығы бойынша Бастөбе ауылы № 16 Кәсіптік мектеп болып өзгертілді.
№ 16 кәсіптік мектеп бастауыш білім беру саласында білім беру қызметін атқарады. Аздап кәсіптік мектептің тарихына оралатын болсам, кәсіптік мектеп 1983 жылы құрылған. Содан бері 25 жылдың ішінде мектептен 3000 нан астам оқушылыр құрылысшы, тракторшы-машинист, дәнекерлеуші, аспаз, электр жүйесін жөндеуші, фермер-жалгер мамандықтары бойынша мамандықтар алып шықты. Мектептің 13 мамандық бойынша даярлайтын материалды – техникалық базасы жеке лицензиясы бар.
Мектепте кесте бойынша 21 ұстаз, 13 өндірістік оқыту шеберлері қызмет атқарады, оның ішінде 6-ы жоғары категориялы, 11-і бірінші категориялы.
Жас жеткіншектерді тәрбиелеуде көрсеткен жетістіктері үшін: Уалиева Назира Жұмағалиқызы «ҚР Білім беру ісінің үздігі» атағын алған. М.Б.Жамалбеков, М.Т.Әкімбеков Г.Ш. Шілікбаева білім және ғылым министрлігінің грамотасымен марапатталған.
Республикамыздың президенті Н.Ә. Назарбаевтың биылғы 2008 жылдың 7-ші ақпандағы халыққа жолдаған жолдауында «Мемлекеттің әлеуметтік саясаты жұмыс орындарын ашуға және еңбекке қабілетті халықты ел экономикасына тартуға бағдарланғаны атап көрсетілген.
 Ел экономикасының дамып келе жатқандығының арқасында халқымыздың әлеуметтік жағдайы күн сайын жақсара түскеніне бәріміз куәгерміз. Біздің кәсіптік мектептің алдыға қойған басты мақсатты ауданымыздың еңбек рыногын жан-жақты дайындықтан өткен кәсіби шеберлігі жоғары деңгейдегі мамандармен қамтамасыз ету.
Бүгінгі таңда кәсіпорындарда осыдан жиырма жыл бұрынғы жас жұмысшыларды тәжірибесіне, шеберлігіне қарамай қабылдау деген келмеске кетті.
Қазіргі кезде кез келген мекеме, жеке шаруа болсын жұмысқа шеберлігі шыңдалған жұмысшы алғысы келеді.
Сол тұрғыдан көз салсақ кәсіптік мектептер алдына үлкен жауапты мақсаттар қойылып отыр.
Мектебіміздің арнайы салынған шеберханалары болмағанымен ғимарат ішіндегі бейімделген зертханалар мен шеберханаларда, әлеуметтік серіктестік ұжымдардың көмегімен мектептің инженерлі – педагогикалық ұжымы алдыға қойған мақсаттарын орындап отыр. Жоғарыда аталған мамандықтар бойынша биылғы жылы 100-ден астам түлегіміз мектеп бітіргелі отыр.
Жас кәсіби мамандар ел өмірінде болып жатқан үдерістерге өз орнын тауып, болашақты орнатуға белсенді қатысады деп сенеміз.
Негізгі даярланатын мамандықтар:
 1. Ауылшаруашылығының өндіріс шебері «Фермер», ВС категориялы көлік жүргізуші
2. Автокөлік жөндеуші слесарь, ВС категориялы көлік жүргізуші
3. Кең профильді құрылысшы (тас қалаушы, сыршы – сылақшы, ғимараттардың ішкі көріністерін өңдеу шебері)
4. Тамақтандыру мекемесінің маманы (аспаз, даяшы, кондитер)
 5. Газбен және электрмен дәнекерлеуші, ВС категориялы көлік жүргізуші
6. Ауыл шаруашылық өндірісінің электр жабдықтарын жөндеуші –электрмонтері, ВС категориялы көлік жүргізуші
Мектеп басшылары:
 1983 – 2004 жылдар аралығында мектеп басшысы болып Александр Федорович Казанцов; 2004-2005жылдар аралығында Қажияхметов Болатбек Қажияхметович; 2005 жылдан бастап Жамалбеков Мәлікжан Бейсенович мектеп директоры қызметін қызмет атқарады.
 Мектеп түлектері:
      Олейников Олег Томск қаласындағы әскери училищеде тәрбие жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.
      Абдул-олгы Осман 55078 әскери бөлім комондирінің техникалық бөлімі жөніндегі орынбасары. Шаяхметова Райхан қыздар педагогикалық институның 4-бағам студенті, облыстық «Үздік шығарма» сайысының жүлдегері, Астана қаласында білім және ғылым министрінің қабылдауында болып марапатталған.
       Фролов Михаил кәсіптік мектепті, қазақ мемлекттік құрылыс-сәулет академиясын қызыл дипломға бітіріп құрылыс саласында жұмыс жасайды.
 
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Архив записей

Copyright MyCorp © 2024
Создать бесплатный сайт с uCoz